ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, қазақ халқының ұлттық мұрасы – домбыраны сақтау және оны келер ұрпаққа жеткізу бағытындағы Қазақстанның еңбегіне жоғары баға берді.Ұйымның Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасары Найеф әл-Файездің айтуынша, домбыра – қазақ халқының ғана емес, бүкіл адамзаттың ортақ мәдени құндылығы.«Домбырамен күй тарту өнері 2014 жылдан бері ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне кіреді. Бұл бірегей музыкалық дәстүр адамдарды тарихымен, бүгінімен және бір-бірімен байланыстырады. ЮНЕСКО Қазақс...
Алматы облысында қазақ халқының ұлттық мұрасы – домбыраның қадір-қасиеті, күй өнері мен халық музыкасы кеңінен дәріптелді. Қонаев қаласында Ұлттық домбыра күніне орай қазақ халқының мәдениетіне деген құрметті арттырып, рухани құндылықтарды кейінгі буынға насихаттауға бағытталған тағылымды шара өтті. Оған зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, жастар, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Облыс орталығындағы Бердібек Соқпақбаев атындағы саябақта ұйымдастырылған шараға аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев те қатысып, елдің еңсесін көтеріп, рухы...